Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) қоғамда әлеуметтік әділдік идеялары мен қағидаларын насихаттайтын белсенділерді қолдау мақсатында Анна Александрова атындағы арнайы грант байқауын жариялайды.

14 мая 2015 - Админ

 Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) қоғамда әлеуметтік әділдік идеялары мен қағидаларын насихаттайтын белсенділерді қолдау мақсатында Анна Александрова атындағы арнайы грант байқауын жариялайды.

 

Халықаралық құқық саласының заңгері Анна Александрова (1976-2011 жж.),  өз өмірін әлеуметтік әділдік қағидаларын насихаттау мен адам құқығын қорғауға арнаған. Мықты көшбасшы, қоғамдық қайраткер және өз ісінің шебері Анна көкейкесті құқықтық мәселелерді көтеріп, оларды шешудің жаңа әрі тиімді әдістерін іздеу үстінде болды. Анна Александрова 2008-2011 жылдары Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма төрайымы болып қызмет етті. Оның жетекшілігімен Қор жаңа стратегия қабылдап, әлеуметтік әділдік пен толеранттылық мәселелерін Қор басымдықтарының арасында ерекше орынға шығарды.

Анна Александрова атындағы грант оның бастаған ісін одан әрі жалғастырып, адам құқығы және төзімділікті нығайту саласындағы зерттеу, ақпараттық және қорғаушылық қызметтің іске асырылуына ықпал етуге арналған. Бұл грант инъекциялық есірткіні тұтынушылар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған. Анна Александрова өзінің бүкіл өмірін дәл осы әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауға арнаған.

I. Мақсаттары мен міндеттері

Анна Александрова атындағы грантқа арналған байқау (бұдан әрі - «Грант») Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар Кеңесімен бекітілген арнайы жыл сайын өткізілетін шара болып табылады. Аталмыш грант бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар,  инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс қызметкерлері, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, мигранттар және т.б. тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Міндеттер:

  • Маргиналданған топтардың проблемаларына селқос қарамайтын белсенділердің сарапшылық-зерттеу әлеуетін дамыту және күшейту;
  • әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударту;
  • төзімділікті дамыту ісіне жұртшылықтың қатысу үлесін арттыру.

II. Гранттық байқауға қатысушылар және байқауды өткізу тәртібі

Қатысушылар

Грант жеке және/немесе заңды тұлғаларға бөлінедіЖеке қатысушылардың жасы – 18 жас және одан жоғары.

Байқаудың басты категориялары:

  1. Зерттеу жобалары
  2. Ақпараттық шаралар

2015 жылғы гранттардың саны – 2 (әрбір санат бойынша біреуден).

Гранттық байқауды өткізу тәртібі

Гранттық байқау екі турға (іріктеу және ақтық) бөлініп өткізіледі. Байқауға қатысу үшін мүдделі тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • түйіндеме
  • белгіленген үлгідегі толтырылған өтінімді
    1. жеке тұлғаларға арналған өтінімнің үлгісі хатқа тіркелген
    2. ұйымдарға арналған өтінім үлгісін мына жерден жүктеуге болады http://www.soros.kz/grants/competitions/Anna_alexandrova_grants_competition    
  • авторлық эссе

Мүдделі тұлға оның кандидатурасын бағалауға себін тигізуі мүмкін өзге құжаттарды да ұсына алады.

Бағалау критериі

Іріктеу комиссиясы өтінімдерді келесі критерийлерге негізделе отырып қарап және бағалайды:

  1. Таңдалған тақырыптың/мәселенің өзектілігі
  2. Тақырыптың/мәселенің негіздемеленуі
  3. Қамту аясы
  4. Жұмыстың әдістемесі
  5. Күтілетін нәтижелер

Мерзімі және гранттардың сомасы

Өтінімдерді Қорға ұсынудың ақырғы мерзімі - 2015 жылдың 1 тамызы.

Осы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды. Толтырылған өтінімдерді «Анна Александрова атындағы грант» деген белгімен application@soros.kz және sorosapplication@gmail.comмекенжайлары бойынша электрондық пошта арқылы жіберу қажет.

Бір жобаны іске асыруға арналған гранттың ең жоғары сомасы – 900 000 теңге. 

Байқаудың жалпы гранттық қоры 1 800 000 теңгені құрайды.

Жобаларды орындау мерзімі – 3 айдан 10 айға дейін.

Келіп түскен өтінімдер түгелдей тіркеліп және Сорос-Қазақстан қорының Қамқоршылар кеңесімен мұқият қаралатын болады. Қажет болған жағдайда Қор өтінушіден осы байқауға қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Сорос-Қазақстан Қорының “Адам құқықтары” Бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаеваға хабарласуыңызды сұраймыз - hrp@soros.kz , тел. (727) 258-13-54

 


Комментарии (0)


Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий