«Әрекет ет!» әлеуметтік жобалар байқауы

14 мая 2015 - Админ

 Сорос-Қазақстан Қоры Жастар Бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасындағы жастардың үкіметтік емес ұйымдары (ЖҮЕҰ), жастар қауымдастықтары және жастардың бастамашылтоптары арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша байқау жариялайды

 

Байқаудың мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының үкіметтік емес жастар ұйымдарының қоғамдағы, өздерінің айналасындағы (мекемедегі, аудандағы, қаладағы, ауылдағы, қауымдағы) нақты әлеуметтік түйінді мәселелерді шешуге бағытталған қызметіне қолдау көрсету;
  • Қазақстан Республикасының үкіметтік емес жастар ұйымдарының бенефициарларының арасында кәсіпқойлық және азаматтық қоғам мәселелері туралы хабардарлық деңгейін жоғарылату саласындағы бастамаларға жәрдемдесу.

Тақырыптар ауқымы шектеулі, алайда адам құқықтарын қорғау мәселелеріне, азаматтық білім алуға, адамдардың әлеуметтік жағынан осал топтарына, білім беру мен денсаулық сақтау мекемелеріне, жастардың арасында талдау жасау және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жақсартуға артықшылық беріледі.

Аталған конкурстың шарттары бойынша Қор Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге, қандай да бір жаңа заңнамалық құжаттарға бастама көтеруге немесе қолданыстағы құжаттардың күшін жоюға бағытталған жобаларға қолдау көрсетпейді. Аталған конкурстың шеңберінде техникалық құрал-жабдықты сатып алу көзделмейді (жалға алу мүмкіндігі бар).

1. Сұранымдарды бағалау қағидалары:

  • әлеуметтік мәнділігі;
  • қайталанбайтын бірегейлігі;
  • шынайылығы;
  • аймақтардан өкілдік етілуі;
  • бюджеттің ақылға қонымдылығы.

II. Сұраным беру мерзімдері және гранттардың сомасы:

  • Сұранымдарды қабылдаудың ақырғы мерзімі - 2015 жылғы 12 маусым (Астана уақытымен сағ. 22.00-ге дейін. Мерзімінен кеш табысталған сұранымдар қарастырылмайды).
  • Жобаның жүзеге асу мерзімі басталған уақыттан 12 айданаспауы тиіс.
  • Гранттың сомасы – 2 000 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін.

Байқаудың жалпы гранттық қоры  – 14 000 000 теңге.

III. Сұранымдарды беру рәсімі:

Толтырылған сұранымдарды application@soros.kz электрондық мекенжайына, «3429_Әрекет ет» деген белгімен жіберу керек.

Сұраным үлгілерін http://www.soros.kz/grants/application_forms  сілтемесі бойынша алуға болады.

Жіберілген барлық конкурстық өтінімдерді Сорос-Қазақстан Қорының Жастар  бағдарламасының Сарапшылар кеңесі (СК) тіркейді және қарастырады. Қажет болған жағдайда, өтінім берушіден қосымша ақпарат сұрау құқығын СК өзінде қалдырады. Өтінімдерге рецензия берілмейді және қайтарылмайды. Өтінім берушілердің назарына: Қор қабылданбаған өтінімдерге қатысты түсіндірме бермейді.

Қосымша ақпарат алу үшін Жастар бағдарламасының үйлестірушісі Сәуле Мамаеваға smamayeva@soros.kz электрондық поштасы немесе +7 (727) 250 38 11 телефоны арқылы хабарласыңыз.


Жиі қойылатын сұрақтар

Грант алуға кім сұраным бере алады?

Қазақстан Республикасында тіркелген үкіметтік емес жастар ұйымдарыСондай-ақ негізгі бенефициарлары жастардың түрлі топтары болып табылатын үкіметтік емес ұйымдар.

Қандай соманы сұрауыма болады?

Сіз өз жобаңыздың мұқтажы үшін өтінім бере аласызЖобаның бюджеті 2 миллион теңгеден 3 миллионға дейінгі шектерде болуға тиіс.

Сұраным қарастырылғанша қанша уақыт күтуіме тура келеді?

Сіз сұранымыңыздың тіркелгені туралы құлақтандыру аласызСодан кейін шамалы уақыт өткенде Сізден қосымша ақпарат сұратылуы мүмкінСіздің сұранымыңыз берілген сәттен бастап,сұранымыңыздың құпталған-құпталмағаны туралы құлақтандыру алынғанға дейін аптаға дейін уақыт өтуі мүмкін.

Ұтып алынған грантты мен қашан ала аламын?

Ұсынылған құжаттардың толықтығына және Қор қызметкерлерінің жұмыс көлеміне байланысты бұл іске Сіздің грант алу туралы өтініміңіздің бекітілгені туралы құлақтандыру алынған сәттен бастап 1 аптадан 1 айға дейін уақыт кетуі мүмкін.

Жоба аяқталғаннан кейін мен не істеуге тиіспін?

Сіз қаржылық есеп беруге тиіссіз, сондай-ақ жобаңыздың нәтижелері туралы шығармашылық есеп беруіңіз керек, оған фотосуреттер, дыбыстық және бейне-жазбалар, БАҚ жарияланымдары және жобаның қатысушылары толтырып, баға қойған сауалнамалар кіруі мүмкін. Есептерді құрастыру туралы толық мәліметпен http://ru.soros.kz/grants/reportingсілтемесі арқылы өтіп, біздің сайтта таныса аласыз.


Комментарии (0)


Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий